БҚО-да 22 жастағы жігіт көпірден секіріп бақилық болды

1 июня 2023 г. 15:18 / Новости Казахстана

Орал қаласында көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.media.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның 30 мамыр күн сағат 15.15-те Шаған өзенінен өтетін көпірде орын алғанын мәлімдеді. 

2001 жылы туған тұрғын «Динамо» спорт базасы маңындағы көпірден секіріп, өз-өзіне қол салған. Мәйіт Орал қаласының сот-медициналық сараптама орталығына жіберілген.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу амалдарын Зачаган полиция бөлімі жүргізуде, - деп хабарлады ведомстводан. 

Бұған дейін Ақтөбе облысында бір күнде үш адам суицидтен қайтыс болған еді. Сондай-ақ, Түркістан облысында зейнеткер аурухананың терезесінен секіріп, бақиға аттанды

Автор
Новости партнеров