Бибісара Асаубаев шахматтан төрт дүркін әлем чемпионынан басым түсті

18 апреля 2023 г. 16:15 / Новости Казахстана

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы alga.peterburg парақшасы кездесудің әлем мен Қазақстан әйелдер құрамалары арасындағы жарыста өткенін жазды.  

Ойындағы есепте әлемнің жұлдызды командасы алда келеді. Бірақ Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңілгенін мойындауға мәжбүр етті. Бибісара ФИДЕ рейтингі ең жоғары әйел шахматшыдан басым түсіп отыр. Бұл - нағыз сенсацияға балануда. Бибісара 2021 жылы блицтен шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы болды. Соның арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ал 2022 жылы блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды! Бүгінде Бибісара бізді керемет жаңалықпен қуантуда, бұл шынымен де тамаша жеңіс!, деп жазылған.  

Бұған дейін Бибісара Асаубаева Үндістанда өткен ФИДЕ Гран-при турнирінде екінші орынға тұрақтаған еді. Сонымен бірге, ол  33 жастағы ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді жеңген болатын.

Автор
Новости партнеров