"Басшы сұраса, пара беруге болады" - Дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы

30 декабря 2022 г. 22:53 / Новости Казахстана

Белгілі дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы қандай жағдайда пара беруге болатынын уағызында айтып өтті, деп хабарлайды arbat.media.

Мешіттегі уағыз кезінде Қабылбек Әліпбайұлы пара беруге болатынын атады. Имамның аталған мәселе туралы айтқан бейнежазбасы желіде кеңінен тараған.

Пара беруге болатын бір ғана орын бар. Өзіңнің мамандығыңмен жұмыс істеп жүргенде басшысы пара сұрайды. Ол: "Бір кісі келіп тұр. Егер ақшаңды бермесең орныңды босатасың" десе, шариғатта сол кезде  рұқсат етілген. Өзіңнің отбасыңды бағу үшін ақша керек. Берген кезде де аса мұқтаждықтан беріп тұрсыз. Оның шын ниетпен бергісі келіп тұрған жоқ. Басшысы үстемдікпен алып жатыр. Шариғатта адам тығырыққа тірелген кезде пара беруге болады. Онда кезде күнәһар оның басшысы болады, - деді Қабылбек Әліпбайұлы. 

Ислам дінінде пара беру мен алу күнә болып саналады. Алайда дінтанушының рұқсат берілгені туралы айтқаны көпшіліктің талқысына түсіп отыр. Қабылбек Әліпбайұлы ислам дініне қатысты ағарту жұмыстарын атқарын жүрген белгілі маман. Ол таяуда әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танымал Ақтөбе облыстық мешітінің бас имамы болған Нұрлан Асанов есімді дінтанушының жауаптарына қатысты ескерту айтқан еді. 

Автор
Новости партнеров