Аустралия тұрғындары аспанда ұшқан метеордың дыбысын естіді

22 мая 2023 г. 4:30 / Новости Казахстана

Аeстралия құрлығының аспанында метеор көз ілеспес жылдамдықпен ұшып өткен, деп хабарлайды Arbat.media 

Guardian Australia басылымының жазуынша, Солтүстік Квинслендтің аспаны кенеттен жасыл, одан кейін сары түске боялды. Мұндай түс әдетте метеор атмосфераны бойлай өткенде пайда болатыны белгілі. Одан соң ақпа жұлдыз жарылып, қатты гүрсілмен жерге құлаған көрінеді. 

Крэнстен 500 шақырым қашықтықта орналасқан  Кройдон қалашығының тұрғындары да қатты дауысты естігендерін айтқан.  

Аустралия ұлттық университетінің астрофизигі доктор Брэд Такер тастың көлемі 0,5 мен 1 метрге дейін, бұл метеорды орташа көлемде деуге келеді. Метеордың жылдамды сағатына 150 000 шақырымды құрағанын айтты, - деп жазды Guardian Australia басылымы.

Ғалымдардың пайымдауынша, метеорлардың басым көпшілігі тас көлемдес болуы мүмкін. Бірақ құлағанға дейін жасыл түстес болуына темір мен никель фрагменттерінің қызып кетуі әсер етуі мүмкін екен. 

Автор
Новости партнеров