Атыраудағы қамыс өрті екі күнде өшіріледі - Юрий Ильин

5 апреля 2023 г. 18:40 / Новости Казахстана

Атырау облысындағы қамыс өрті алдағы екі күнде толық өшіріледі деп жоспарланған, деп хабарлайды Arbat.media.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин теңіз жағасында жанып жатқан қамыс өртін ауыздықтау жұмыстары туралы жоспармен бөлісті. 

Барлық төтенше жағдайлардан тек адамдар зардап шегеді. Ал өртке қатысты төтенше жағдай көп жағдайда адами факторға тікелей байланысты. Табиғатта да, тұрмыстық жағдайда да өрттің 80 пайыздан астамына адамдар кінәлі, - деді министр Мәжілістің кулуарында. 

Ол Атыраудағы қамыс өртіне заңсыз аң және балық аулаушылар кінәлі болуы мүмкін екендігін атап өтті. 

Қазіргі уақытта Атырау облысындағы өрт жіті бақылауға алынды. Бірақ адам аяғы немесе техника жетуі қиын жерлер бар. Біз өртті сөндіруге су шашатын құрылғысы бар әуе кемелерін қосымша жұмылдырдық. Жобамен бүгін және ертең өртті толық өшіреміз, - деді Юрий Ильин.

Бұған дейін Каспий теңізінің Атырау облысы аумағында жағалуында тоқсан гектарға жуық қамыстың жанып кеткені белгілі болды. Судың тартылған жерінде жанған қамысты өшіруге кейін тікұшақтардың жұмылдырылғаны айтылды. Өрт түтінінен өңірдің көптеген елдімекені мен Атырау қаласын зардап шегіп, адамдар жақын маңдағы нысандардың көрінбейтінін айтып шағымданған. Кейін аталған жағдайға байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеме жасады

 

Автор
Новости партнеров