Атырауда қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ табылды

6 марта 2023 г. 16:51 / Новости Казахстана

Атырау облысында полицей қызметкерлері қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтардың бір бөлігін тапты, деп хабарлайды  Arbat.media.

ІІМ телеграм-арнасында жарияланған деректе бірнеше қару-жарақ қала сыртынан табылған. 

28 ақпан облыстық ПД қызметкерлері Ақсай елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың сақталған жерін анықтады. Тексеру кезінде Атырау ОПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағына тиесілі Форт - 500М мылтығы, 3 дана 12 мм калибрлі патрондар, 2 ГСЗ ДК-130 ГСЗ граната, 1 ПР 54 резеңке таяқша және жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар тәркіленді, деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозағалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған. 

ІІМ бұған дейін арнайы операция кезінде Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 40 адамын ұстағанын хабарлаған болатын

Автор
Новости партнеров