Атырауда есірткі өсірген тұрғындар үш жарым жылға сотталды

13 апреля 2023 г. 19:09 / Новости Казахстана

Атырау қаласында үй жертөлесінде есірткі өсіргенді деге күдікпен айыпталған азаматтар үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Атыраудағы №2 қалалық сотта есiрткi заттары бар өсімдіктерді өсірген екі айыпталушыға қатысты қылмыстықіс бойынша үкім шықты. 

Айыпталушылар адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен Атырау қаласында орналасқан үйдің жертөлесінде есірткі затын заңсыз өсірген. Олардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындысымен, жедел-іздестіру шараларының нәтижелерімен дәлелденді. Сотталушы Е. кінәсін ішінара мойындады. Ал, сотталушы Т. тағылған айыппен келіспеді, - деді қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Істі қарау кезінде мемлекеттік айыптаушылар сотталушыларға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды ұсынған еді. Алайда сотталушы азамат және қорғаушылар бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрін тағайындауды, ал сотталушы Т. және қорғаушылар ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Жаза тағайындау барысында айыпталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін мойындап, шын ниетпен өкінгені, асырауында жас балаларының бары ескерілді.  Екінші айыпталушының қылмыстық жауаптылығы пен жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сот үкімімен сотталушылар Е. және Т.-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп жазылған соттың бапсасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Әзірге есіртік өсіргендерде қатысты шығарлыған сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Бұған дейін Ақтауда көпқабатты үйде есірткі өсірген тұрғында ұсталған еді. Наурыз айының соңында Түркістан облысында есірткі өндейтін цех табылып, оның иелері қамауға алынды

Автор
Новости партнеров