Әрбір азамат заң мен тәртіпке бағынуы керек - Қ.Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажеттігін атады, деп хабарлайды Arbat.media.
Елімізде заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде ешқандай даму да болмайды. Сондықтан азаматтарымыз заңға бағынуы керек, ал құзырлы органдар заң бұзушылықтың алдын алуға тиіс. Қоғамның қауіпсіздігін және тұрақтылығын сақтау – мемлекеттің басты міндеті. Өркениетті елдердің бәрінде солай. Әкімдер – мемлекеттің жергілікті жердегі өкілі. Сондықтан бұл жұмысқа баса мән беру қажет, деді президент.
Бұған дейін Қ.Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Маңғыстауға қатысты пікір білдірген болатын. Сонымен қатар, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жыл басынан бері экономикалық өсімнің бес пайызға артқанын атады.