Ақтөбеде бір түн ішінде үш адам өз-өзіне қол салды

24 апреля 2023 г. 19:17 / Новости Казахстана

Ақтөбе қаласында бір түн ішінде үш бірдей суицид оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Arbat.media.  

Azattyq Ruhy-ның жазуынша, Аktobe_times инстаграм парақшасы 24 сәуіріне қараған түні қалада үш адам өзіне қол жұмсап мерт болғанын мәлімдеген. Оның ішіндеу екі әйел адам "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінің 19-қабатынан, тағы бір қыз Әбілқайыр хан даңғылындағы тоғыз қабатты үйдің шатырынан секіріп кеткені белгілі болды.

Көз жұмған әйелдер туралы алғашқы хабарлама әлеуметтік желілерде бүгін пайда болды. Олар түнгі сағат 1:00 шамасында 19-қабаттан секіріп кеткен. 112 «Б» үй тұрғындарының айтуынша, түнде гүрс еткен дыбысты естілген, артынан көлік дабылы шыққан.

Әйелдер құлаған жерге құм сеуіп қойыпты. Олардың бірі жақын жерде тұрған жол талғамайтын көліктің үстіне құлаған сияқты, көліктің алдыңғы терезесі брезентпен, ал капоты жаймамен жабылған, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ сол түні тағы бір ақтөбеліктің өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

Бойжеткен Әбілқайыр хан даңғылы, 89 мекенжайындағы тоғыз қабатты үйден секіріп кеткен, - деп жазылды жазбада. 

Аталған екі оқиғаға қатысты облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

24 сәуірде сағат 01:48 шамасында «Ақтөбе аары» тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері үйдің кіреберісінен екі әйелдің денесін тапты. Олардың 31 және 56 жаста екені анықталды, - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен себептері анықталып жатыр.

 
Автор
Новости партнеров