"AMANAT"-қа Назарбаев, Нығматулин, Байбектердің ықпалы жүрмейді - Аманжол Әлтай
Мәжіліс депутаттығына үміткер Аманжол Әлтай туған жері Жаңаарқа ауданында сайлаушылармен кездесуде "AMANAT" партиясына кімдердің ықпалы жүрмейтінін атады, деп хабарлайды Arbat.media.
Таяуда ғана партияның кезектен тыс басқосуына Парламент Мәжісінің депутаттығына партиялық тізім бойынша үміткер атанған айтыскер ақын Аманжол Әлтаев бұрынғы билік өкілдерінің дәурені өткенін көп алдында жайып салды.
Бүгінгі жаңарған "AMANAT" партиясына Назарбаев, Нығматулин, Байбек тағы басқаларының ықпалы жүрмейді. Партия мүлкімен жаңармайды. Жаңа адамдары мен қабілетті кадрлармен жаңарады. Партияны жаңғыртатын халықтың сенімен ие жеке тұлғалар. Бүгінгі Аманаттың құрамына келген саяси кеңес мүшелері мүлдем жаңа, халыққа жанашыр адамдар, - деді Аманжол Әлтай.
Ол Ұлытау облысына қарасты Жаңаарқа ауданындағы Бидайық ауылы мен Атасу кентінде сайлаушылармен кездескен. Үміткердің айтуынша, халық оған малдың жайылым жерінің аздығын, техника бағасының қымбаттығын, тіл мәселесін, шамадан тыс қымбатшылықты және Ұлытау облысында ірі ет комбинатын салуды ұсынған.
Аманжол Әлтай бұған дейінгі Мәжілістің VII шақырылымында депутат болған еді. Ол қаңтар оқиғасының алдында ғана Парламенттегі мандатын өз еркімен тапсырған Бекболат Тілеуханның орнына депутат ретінде ант қабылдады. Ол таяуда қаңтар оқиғасында қамауға алынған "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті өскелең ұрпақ батыр деп танитынына алаңдаушылық білдірген болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram