Алматы қалалық ҰҚКД бұрынғы басшысы аты жылға сотталды

25 апреля 2023 г. 16:05 / Новости Казахстана

Сот үкімімен Алматы қаласының ҰҚКД-ның бұрынғы басшысы Нұрдан Мәжілов 6 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ол билік және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлімі бойынша 10 жылға мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ ҰҚК генерал-майоры арнайы атағынан айырылды. 

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Бұған дейін ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі шыққан болатын. Сонымен бірге, Кәрім Мәсімовтің орынбасары болған Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Осипов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Садықұлов пен Ерғожиннің мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынып отыр. Бұл орайда Осиповке тек мемлекеттік қызметте істеуге шектеу қойылған. 

 

Автор
Новости партнеров