Алматы облысында сатылып мектепке байланысты аудан әкімі соттасып жатқанын мәлімдеді

6 июня 2023 г. 22:01 / Новости Казахстана

Алматы облысында ауыл мектебінің сатылып кетуіне байланысты Қарасай ауданының әкімі пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Аудан басшысы Жасұлан Естенов Шалқар ауылындағы мектепті мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты сот өтіп жатқанын мәлімдеді. 

Әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан Шалқар ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектебінің ескі ғимараты 2018 жылы 15 224 000 теңгеге сатылған. Бұл ғимаратты мемлекеттің  құзырына қайтару үшін менің тапсырмама сәйкес ағымдағы жылдың 9 наурызы күні Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз жолданды. Қосымша Қарасай аудандық прокуратурасы тарапынан Шалқар орта мектебінің ескі ғимараты бойынша қаулылардың күшін жоюға талап арыз берілді. Биылғы 25 мамырында және 2 маусымда сот отырыстары өткізілді. Айтайын дегенім, құрметті аудан тұрғындары, бұл жұмысты біз үш ай бұрын бастап қолға алғанбыз. Заңға сәйкес, мемлекетке қайтарып, ел игілігіне пайдаланамыз, деп жазды аудан әкімі Ж.Естенов. 

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай мәселе көтеріп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 250 орындық ауыл мектебінің 15 миллион теңгеге сатылып кеткенін мәлімдеген болатын. Депутат аталған жағдайды тез арада реттеу үшін облыс әкімдігіне 2 ай уақыт берген.

Сонымен бірге, бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейін оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев пікір білдіріп, мәселе бойынша Бас прокуратуға өтініш беретіндігін айтқан

Автор
Новости партнеров