Алмада Гран Приінде Жансай Смағұлов күміс жүлдеге қол жеткізді

29 января 2023 г. 17:20 / Новости Казахстана

Португалияның Алмада қаласында өтіп жатқан Гран При турнирінде қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз финалдық белдесуде өзбекстандық дзюдошы Обидхон Номоновқа жол беріп, екінді орынға ие болды. 
Ол Алмада Гран Приінде жарысты екінші айналымнан бастады. Өз тобында швециялық Олоф Хермодссонды, кейін украиналық Владислав Казимиров жеңді. Ширек финалда бельгиялық Йерун Касседен басым түсіп, жартылай финалда испаниялық Хосе Антонио Аранда айқын ұтты. 

Оқи отырыңыздар: 

27-29 қаңтар аралығында Алмадада өтіп жатқан әлемдік Гран-при жарысының екінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс медаль бар. Бұған дейін әйелдер арасында 48 келіде Абиба Әбужақынова чемпион атанса, осы салмақта Ғалия Тынбаева күміс жүлдеге қол жеткізді

Автор
Новости партнеров