Абиба Әбужақынова бір аптада екінші рет халықаралық турнирдің жүлдесін иеленді

5 февраля 2023 г. 5:13 / Новости Казахстана

Бүгін дзюдодан Парижде басталған Grand Slam турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Arbat.media..

Францияда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін сында отандасымыз жарысты екінші айналымнан бастады. Ол бірінші белдесуде татами иесі Мелание Виеуді ұтты. Алайда ширек финалда Испания спортшысы Лапуэрто Комеске есе жіберді. Жұбаныш бәсекесінде жапониялық Катсукава Ринені ұтса, қола жүлде үшін белдесуде оңтүстіккореялық Ли Хе Генді қапыда қалдырды. 

Абиба Әбужақынова осындан тура бір апта бұрын Португалияның Алмада қаласында өткен Гран При турнирінде жеңімпаз атанған болатын. Ол финалда тағы бір қазақстандық спортшысы Ғалия Тынбаева ұтты. Алмада Гран Приінен кейін қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте әйелдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде 8-орыннан 6-шы сатыға көтерілді. Сондай-ақ, ол өткен жылы Ташкентте өткен әлем біріншілігінде де қола жүлде иеленген болатын.

Автор
Новости партнеров