Түркияға аттанған ТЖМ құтқару тобының екінші легі елге оралды

20 февраля 2023 г. 14:30 / Евразия

Түркияда болған жер сілкісінінен зардап шеккендерді құтқаруға аттанған ТЖМ арнайы тобының екінші легі Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Arbat.media

Нурдагы қаласындағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға жұмылдырылған қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны отырған борт Астана әуежайына қонды. Оларды қазақстандықтар,  туыстары, достары мен әріптестері күтіп алды.

ТЖ министрі Юрий Ильин және Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи (Ufuk Ekici) біздің құтқарушыларымыздың тқарған қиын жұмысы үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ олардың іс-әрекеттерін кәсіби, ержүрек және нәтижелі деп бағалады.

Түркия Республикасының АFAD жер сілкінісі зардаптарын жою дағдарыс орталығымен келісіліп, Қазақстан Республикасы ТЖМ күштерімен іздестіру-құтқару жұмыстары барлық нысандарда аяқталды.  

Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарына Астана және Алматы қалаларынан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан құтқарушылар қатысқан болатын. Бұған дейін құтқарушылардың алғашқы легі Алматы әуежайына қонғаны туралы жазылған еді

6 ақпанда Түркия мен Сирияда жой жер сілкінісі болған еді. Аталған апаттанн қырық мыңнан астам адам қайтыс болып, тағы жүз мыңға жуығы жарақат алды. Еліміздің президенті апаттан кейін түрік басшысына көңіл айту жеделхатын жолдап, арнайы тапсырмамен құтқарушылар тобын жіберген болатын. Сонымен бірге, ел бюджетінен Түркияға бір миллион АҚШ доллары бөлініп, гуманитарлық көмек жіберілді. 

Автор
Новости партнеров