Түркия мен Сириядағы зілзаладан 850 мың бала баспанасыз қалды

7 марта 2023 г. 13:49 / Евразия

Ақпан айының басында Түркия мен Сирияда болған жер сілкінісі салдарынан 850 мыңнан астам бала үйінен айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.

БҰҰ жаңалықтар қызметінің жазуынша, зілзаладан екі елдегі балалар мен отбасылар үшін апатты жағдайдың салдары ауыр болған. Миллиондаған баспасыз қалып, қазір олар уақытша шатырларда тұрып жатыр. 

Түркияда зардап шеккен аудандарда 1,9 миллионнан адам тиісті санитарлық жағдай, сумен қамтамасыз ету және медициналық көмекке қолжетімділік жоқ әртүрлі баспаналарға орналастырылды. Анадолы елінде 2,5 млн бала шұғыл гуманитарлық көмекті қажетсініп отыр. 

Зілзала салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған отбасылар төрт апта бойы аман қалуға тырысты. Жерасты дүмпулері жалғасып жатқандықтан, олар әбден қорқып қалған, - деді ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Афшан Хан.

Жер сілкінісінен Сирияда 500 мыңнан астам адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Көптеген үйлер қирап, жер сілкінісі қайталанып жатқандықтан, үйлері аман қалған балалары бар отбасылар үйлеріне қайтуға қорқады. Сирияда жер сілкінісінен 3,7 млн-нан астам бала қиындыққа ұшыраған. 

Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен қайтыс болған адамдар саны елу мыңға жуықтап, жүз мыңнан астам адам зардап шекті.  Аталған жағдайдан кейін еліміздің президенті Түркия басшысына көңіл айту жеделхатын жолдап, қаржылай көмек көрсетті. Сонымен бірге, құтқару жұмыстарына ТЖМ арнайы топ екі лекпен аттанған болатын. 

Автор
Новости партнеров