Placeholder
Новости Казахстана13 апреля 2023, 19:48

Жыл басынан бері Жерорта теңізінде суға кетіп өлгендер саны төрт жүз адамнан асты

Жыл басталғалы бері үш ай ішінде Жерорта теңізінде 440 мигрант қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Euronews-тің жазуынша, Еуропаға Жерорта теңізінің орталығымен өтетін жолды әлемдегі ең қауіпті бағыт саналады. Он жылдан бері аталған теңіз жолында жиырма мыңнан астам адам суға кетіп, қайтыс болған. Халықаралық көші-қон ұйымы билікті іздеу-құтқару жұмыстарына көбірек күш салуға шақырып отыр. Алдын ала белгілі болғандай кеме батып бара жатқанда оның дабыл белгісіне жауап берілмеген жағдайлар бірнеше рет қайталанған.

Адамдар Жерорта теңізінің суға кетіп өліп жатыр. Қауіпті жағдайда көмек сұрағандардың көбінің дабылы елеусіз қалады. Мемлекеттер теңіздегі адамдардың өмірін сақтап қалу үшін іздестіру-құтқару жұмыстарын күшейтіп, оларға қолдау көрсетуі керек, - деп жазылған Халықаралық көші-қон ұйымының ақпаратында. 

Біраз уақыт бұрын Жерорта теңізі арқылы Италияға заңсыз мигранттар легі аттана бастады. Алайда Италияда төтенше жағдай қабылданып, заңсыз мигранттарға тосқауыл қойылған еді. Сонымен бірге, елдің Кутро қаласында мыңдаған адам шеру кезінде теңізде суға кетіп қайтыс болған 75 мигрантты еске алған. 

Италия Жеорта теңізі Мигрант Еуропа

Новости по теме