Placeholder
Новости Казахстана1 февраля 2023, 18:25

Астанада журналистерді қолдау қоры құрылды

Астанада «Журналистерді қолдау қайырымдылық қоры» құрылып, ресми түрде жұмысын бастады, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы"Хабар" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли мәлімдеді.

БАҚ саласында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерге ақжолтай жаңалығымды жеткізгім келеді. Елордада «Журналистерді қолдау қайырымдылық қоры» құрылды. Бұл былтыр көктемде басталған жұмыс еді, жақында ресми тіркеліп, құжатымыз қолымызға тиді. Қордың жұмысы аз қамтылған отбасылардан шыққан жас журналистердің, жалғызбасты және көпбалалы журналистердің материалдық жағдайын жақсартуға, жас мамандардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге, баспана мәселесінің шешілуіне ықпалдасуға және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған, - деді Берік Уәли. 

Аталған ұйым журналистердің беделін арттыру, кәсіби-шығармашылық мүддесін, авторлық және сабақтас құқықтарын, ар-намысын, іскерлік беделін қорғау, еңбек, тұрмыс және демалыс жағдайларын жақсарту, ардагер журналистерге тиісті деңгейде құрмет көрсету мақсатымен кәсіптік одақтармен ынтымақтастық орнатуды да жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, қор журналистердің қандай да бір өтініштерін білікті ардагер журналистер мен қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия қарап отырмақ. 

 

Журналистер Берік Уәли Қор Қоғам

Новости по теме