Placeholder
Новости Казахстана7 сентября 2023, 9:00

Жүрек жұтқан полицей ажал құшпақ болған әйелді құтқарып қалды

Хромтауда полицей өз өмірін қатерге тігіп, үйдің 5-ші қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

6 қыркүйекте күні кешкі сағат сегіз шамасында 102 телефонына бір әйелдің бесінші қабаттан секіргелі жатқаны туралы хабар түскен.

Кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына жылдам жеткен. 

Үш полицейлік шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны тыныштандырады. 

Әйел жылап-еңіреп, жайына қалдыруды сұраған.

Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды.

Хромтау Оқыс оқиға полиция суицид

Новости по теме