Placeholder
Фото: pixabay
Новости Казахстана29 июня 2023, 13:17

Жол полициясының 7 қызметкері пара алды деген күдікпен айыпталды

Алматы қаласы мен облысында патрульдік полиция инспекторлары пара алды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуід соңына жеткізді.

Аталған қызметкерлер бірнеше рет пара алды деп күдікке ілінген. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алғаны анықталып отыр.

Сонымен қатар, инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденгені де белгілі болды.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданған.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

 

Антикор полиция Күдік

Новости по теме