Placeholder
Новости Казахстана7 марта 2023, 22:05

Жигули Дайрабаев әйелдер мерекесіне орай әріптестерімен бірге ән салды

Президент сайлауында Тоқаевтың оппоненті болған Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясындағы әріптестерімен бірге әйелдер мерекесіне орай ән салып, бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Партиясының алдағы Мәжіліс сайлауына үміткер атанған өкілдері әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, "Ана туралы жыр" әнін  орындады. 

«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар – Жигули Дайрабаев, Анас Баққожаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Қуаныш Сейтжанов және партия мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ақжол Мейірбеков Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін тарту етті. Бұл туралы бейнежазба партияның ресми парақшасында жарияланды. 

Айта кететін бір жайт, үміткерлер аталған әннің бейнебаянына аналарымен бірге түскен.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «АУЫЛ» партиясы (@auyl_partiasy)

 

Жигули Дайрабаев сайлау Бейнебаян Ән

Новости по теме