Новости Казахстана5 сентября 2023, 16:00

Жемқорлық фактісі ақпаратына берілетін сыйақы қанша

 Сыбайлас жемқорлық фактісін хабарлаған немесе өзге де жолдарымен көмек көрсеткендерге сыйақы беруді көздейтін бұйрыққа қол қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жемқорлық қылмысын анықтауға көмектескен ақпаратқа біржолғы ақшалай сыйақы мөлшері:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік іс бойынша - 30 АЕК (103 500 теңге);

- онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы қылмыстық іс бойынша - 40 АЕК (138 000 теңге);

- ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы қылмыстық іс бойынша - 50 АЕК (172 500 теңге);

- ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы қылмыстық іс бойынша - 70 АЕК (241 500 теңге);

- аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша - 100 АЕК (345 000 теңге).

Пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызмет құны 1 000 АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктер немесе көрсетілген қызмет сомасының 10 пайызы, бірақ 4 000 АЕК-тен көп емес.

сыбайлас жемқорлық Сыйақы Көмек Ақпарат

Новости по теме