Новости Казахстана25 мая 2023, 17:45

Жақсыбек Құлекеевтің інісі Қарағандыда аудан әкімі болып тағайындалды

Қарағандыда қаласындағы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болып Досбол Құлекеев тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media.

"Чиновник" телеграм-арнасының жазуынша, жас шенеунік белгілі қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеевтің немере інісі көрінеді. Ол 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін "ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы" ЖШС бас директорының корпоративтік сұрақтар бойынша орынбасары қызметін атқарған. 

Негізінен Досбол Құлекеев 1981 жылы туған. Жоғары білімі алғаннан кейін алғашқы еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвестициялық жобаларды несиелеу басқармасының менеджері болып бастаған. 2007-2015 жылдары Астана қаласында «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да түрлі лауазымдарда болды. 2015 жылдан 2022 жылға дейін Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС сондай-ақ Астана және Павлодар қалалары бойынша «Petro Retail» ЖШС орталық филиалында басшылық қызмет атқарған.

Досбол Құлекеев Жақсыбек Құлекеев Әкім

Новости по теме