Placeholder
Новости Казахстана22 мая 2023, 16:22

Жансақтау бөліміне түскен Жанболат Мамай палатаға ауыстырылды

Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай ауруханаға түскен жұбайының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Оның айтуынша, Ж.Мамайдың жағдайы қазір кішкене жақсарды, палатаға ауыстырылған.
Бүгін Жанболаттың жағдайы кішкене жақсарып, тәбеті ашылды. Қызыл бөртпе әлі де кеткен жоқ, бірақ көбеюді де тоқтатты. Дәрігерлер жақсару динамикасы бар дейді. Жанболаттың денсаулық жағдайы дәрігерлер мен аурухана басшылығының бақылауында. Олар оның тезірек сауығып кетуіне көмектеседі деп үміттенеміз", - деді Инга Иманбай. 
Сондай-ақ, ол өзімене халықаралық ұйымдар мен шетелдік дипмиссиялар өкілдері де байланысып отырғанын атаған. Бұдан бөлек, ол Жанболат Мамайдың ем қабылдауы еш қиындықсыз өтеріне үмітті екенін жеткізген. 
Жанболат Мамай Инга Иманбай Аурухана

Новости по теме