Новости Казахстана14 июня 2023, 11:30

Жаңаөзендегі мұнайшылар ұзақ уақыттан кейін келісімге келді

Жаңаөзендегі «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС-ның бұрынғы қызметкерлері басқа компанияға жұмысқа тұруға келісіп, алда міндеттеріне кіріседі, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚМГ ресми түрде хабарлады. 

«ҚазМұнайГаз» бен «Өзенмұнайгаз-дың» арнайы жұмыс тобының Жаңаөзендегі  «БерӘлі Маңғыстау Company» ЖШС-нің бұрынғы қызметкерлерімен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде оларды «Мөлдір Мұнай Сервис» ЖШС-не жұмысқа орналастыру туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған компанияға жұмысқа ауысқаннан кейін «БерАлидің»  бұрынғы жұмысшыларына бұрынғы еңбек жағдайлары толықтай сақталады», - деп жазылған аталған хабарламада.

Компанияның бұрынғы қызметкерлерін жұмысқа орналастыру шаралары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қағидалары шеңберінде қатаң түрде жүргізілмек.

Биылғы 10 сәуірде Астанаға Жаңаөзендегі  «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған 100-ге жуық қызметкері Астанаға келіп, наразылық білдірген еді. Оларды кейін күштік құрылым өкілдері тұтқындап, алып кетті. Кейін олардың арасындағы бірнеше адам келіссөзге қалып, қалғандары пойыз арқылы Маңғыстауға оралған болатын. 

Жаңаөзен Жұмысшы Келісім

Новости по теме