Placeholder
Новости Казахстана17 мая 2023, 14:50

Жамбыл облысындағы шекара бекетінде 220 смартфон тәркіленді

"Қордай" шекара бекетінде заңсыз түрде екі жүзден астам смартфонды алып өтпек болған Қазақстан азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Arbat.media.

ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қордай» өткізу пунктінде Қазақстанға бағыт алған ҚР азаматының басқаруындағы жолаушылар микроавтобусын тоқтатқан. 

Автокөлікті тексеру барысында құпия түрде жасырылған ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылғаны белгілі болды. 

Алдын ала мәлімет бойынша тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы шамамен 50 миллион теңге шамасын құрайды.

Шекара бекетінде ұсталған  ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды. 

Қордай шекара Смартфон

Новости по теме