Placeholder
Новости Казахстана22 мая 2023, 19:20

Жамбыл облысында аудан тұрғынын шығынға ұшыратқан алаяқ ұсталды

Жамбыл облысының Меркі ауданының полиция бөліміне алаяқтықтың құрбаны болған 30 жастағы жергілікті тұрғын шағымданды, деп хабарлайды Arbat.media.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бейтаныс әйел оны жылдық ставкасы 2,5 пайызбен 886 мың теңге көлемінде несие алуға көмектесетініне сендірген. Жәбірленушіні несиенің төмен пайыздық мөлшерлемесі қызықтырған. Күдікті әйел оның сенімін пайдаланып, телефон арқылы несие рәсімдеуге және өз шотына 886 000 теңге көлеміндегі ақшаны аударуға көндірген көрінеді. 

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Алматы облысының 22 жастағы тұрғынын ұстады, сондай-ақ оның осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар екендігі анықтаған.

Биыл 20 қаңтарда күдікті осындай тәсілмен Меркі ауданының 58 жастағы тұрғынының сеніміне кіріп, одан 1 000 000 теңгені алдап алған.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағы, алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, - деп жазылған облыстық ПД ақпаратындан.   

жамбыл Алаяқтық полиция

Новости по теме