Placeholder
Новости Казахстана17 января 2023, 15:44

Универсиада Ойындарында Қазақстан екінші алтынды иеленді

АҚШ-та өтіп жатқан Универсиадада қазақстандық спортшы Данил Васильев чемпион атанды, - деп хабарлайды  Arbat.media

Трамплиннен шаңғымен секіру бойынша Данил Васильев 257,3 ұпай жинап, үздіктер көшін бастады. Ол шешуші сәтте Австрия спортшылары Максимилиан Линчер мен Тимон Паскаль Кахоферді қапы қалдырды.

Айта кетерлігі, студенттер ойындарында шаңғымен трамплиннен секіру бойынша алғашқы ондыққа қос отандасымыз - Сергей Ткаченко мен Никита Девяткин де енді.

 Бұған дейін Қазақстан спортшылары Универсиада ойындарында биатлонннан алғашқы алтынды иеленген еді. 

15 шақырымға жекелей сында Вадим Куралес 42 минут 37,4 секундта мәрені бағындырып, аталған ойындарда Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды салған болатын. 

Универсиада Қоғам спорт Қазақстан

Новости по теме