Новости Казахстана20 апреля 2023, 14:47

Үндістан халық саны бойынша биыл Қытайды басып озады

Алдағы уақытта Үндістан халық саны бойынша Қытайды басып озып, әлемдегі халқы ең көп елге айналады, деп хабарлайды Arbat.media.

ВВС-дің дерегі бойынша, жетпіс жыл бойы Қытай мен Үндістан әлемдегі халық санының үштен бір бөлігін құрап келеді. Болжам бойынша, Үндістан халқы биыл 1,4286 млрд адамға жетуі мүмкін. Бұл ретте үнділердің 1,4257 млрд халқы бар Қытайдан 2,9 млн адамға көп екені айқын болмақ. 

Қытайда 1961 жылдан бері алғаш адам саны азая бастаған. Демографтар мұның себебін Қытайдағы жеті жыл бұрын тоқтап қалған бала бір бала саясатымен байланыстырады.  Ал Үнді елінде бір әйелге есептегендегі бала туудың орташа саны жыл өткен сайын төмендеп отыр. 

Үндістанда соңғы рет халық санағы 2011 жылы жүргізілген. 140 жыл ішінде Үндістан халқының саны әр 10 жыл сайын жүйелі түрде есептеледі. 

Өткен жылғы қараша айында әлем халқының саны 8 млрд адамға жеткені белгілі болды. Қазір сарапшылар оның өсу қарқыны бәсеңдеп, қазір 1950 жылдан бергі ең төменгі деңгейге жеткенін айтады. Сонымен қатар, Үндістан мен Қытайда да туу көрсеткіші төмендегені байқалып отыр.

 
 
 

Үндістан Қытай Адам саны Бала туу

Новости по теме