Placeholder
Новости Казахстана19 мая 2023, 13:01

"Үйде емес, қонақта". Атырауда шартты түрде сотталғандарды қатаң тексеріп жатыр

Атырауда шартты түрде сотталғандар түнгі уақытта үйлерінде отырмай, мейрамханада жиі көңіл көтеріп, туыстарының үйіне қонаққа кететіні жиі тіркеліп отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Атыраудда шартты түрде сотталғандарды тексеруге бағытталған "Есепке алу" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Оның барысында Атырау қаласының пробация қызметі  учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, қоғамнан оқшауланбай, жазасын өтеуге сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша тексеруде. 

Сотталғандер кешкі уақытта үйлерінде болу керек. Алайда олар заңды белшелерінен басып, тексеріс кезінде үйлерінде болмайды. Ұрлық жасағаны үшін сотталған Алмасбек есімді қала тұрғыны тексеріс кезінде мейрамханаға кеткені анықталды. Тағы бір сотталған туыстарында үйінде болып шықты, - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің бастығы Мейірбек Оразғалиев.

Тексеріс кезінде үйінде болмаған сотталғандар хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданады. Тіпті жазаларының қалған бөлігін түрмеде өткізулері мүмкін.

Атырау облысы Қылмыс полиция

Новости по теме