Новости Казахстана28 сентября 2023, 12:39

Тұтынушы құқығын қорғайтын омбудсмен институты енгізіледі

Тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын таныстырды.

«Тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі омбудсмен институты тағайындалған адамға ерекше жария мәртебесін береді. Ол мемлекеттік биліктің жоғарғы эшелондарында тұтынушылар қауымдастығының көзі және дауысы ретінде қызмет ете алады. Қоғамның үйлестірушісі қызметін атқарады, жауапкершілігі артады. Мәселен, біз бұл заңды дайындаған кезде шетелдік тәжірибені қарадық. Мысалы, Польша мен Германия мемлекеттерінде осындай омбудсмен институты бар». 

2022 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде 10 мың респонденттің 56 пайызы Тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі омбудсмен институтын енгізу қажеттігін атап өткен.

«Оның негізгі функциялары тұтынушылардың шағымдарын қарау, кеңес беру, тұтынушылардың құқығын қорғаудың қоғамдық институттарын үйлестіру, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, тұтынушылардың құқығы қорғау саласындағы істердің жай-күйі туралы жыл сайын баяндама қалыптастыру, сотта тұтынушылардың белгісіз тобының құқығын қорғау болады».

тұтынушы құқық омбудсмен институты

Новости по теме