Placeholder
Новости Казахстана16 сентября 2023, 11:00

"Түрмеде отырғандар жаппай тамырын кескен". ҚАЖ мәлімдемесі

Әлеужеліде ШҚО түрмесінде отырғандар тамырын кесіп жатыр деген ақпарат тарап, ҚАЖ департаменті мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«ШҚО бойынша ҚАЖ жепартаментінің № 18 түзету мекемесінде сотталғандар жаппай өзіне қол жұмсағаны туралы WhatsApp мессенджерінде таратылған ақпарат — жалған. 14 қыркүйек күні түрмеде екі сотталушы өзіне дене жарақатын салған. Сотталғандар бұны мекеме тәртібімен келіспеуіне байланысты жасаған. Ұстау тәртібімен мен шарттарды жұмсартуды, яғни мекемеде еркін жүруді, телебағдарламаларды көріп, камера есігін құлыптамауды талап еткен», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Сотталғандарға сол жерде медициналық көмек көрсетілген. 

ҚАЖ департаментімен қызметтік тергеу тағайындады. Мекемеге прокуратура өкілдері келіп, жеке мәселелер бойынша қабылдау да өткізді. 

ШҚО түрме Оқыс оқиға тамыр кесу

Новости по теме