Placeholder
Новости Казахстана24 июня 2023, 20:56

Тоқаев Ростовтағы жағдайдан кейін Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Владимир Путин елдегі ахуал жөнінде мәлімет берді.
  
Қасым-Жомарт Тоқаев қазір болып жатқан оқиға Ресейдің ішкі мәселесі екенін атап өтті. Конституциялық тәртіп пен заң үстемдігі – елдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың басты шарты. Бұл – қоғамның қауіпсіздігі мен оның табысты дамуының негізі.
 
Владимир Путин Ресей Федерациясындағы қалыптасқан жағдайға Қазақстанның түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Путин Ростов

Новости по теме