Placeholder
Новости Казахстана20 апреля 2023, 22:45

Тоқаев бірқатар заң жобалаларына қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заң жобаларына қол қойды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, алты заңға қол қойған.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі. 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Заң Ақорда Қазақстан

Новости по теме