Placeholder
Фото: МЧС Узбекистана
Новости Казахстана14 июня 2023, 20:37

Ташкентте болған жарылыстан бір адам қайтыс болды

Ташкенттегі Чиланзар ауданының кәсіпорындарының бірінде болған жарылыс салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, 16-сы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Өзбекстан ТЖМ мәліметінше, мыс құбырларын шығаратын цехтың бір қабатты ангарындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы нәтижесінен орын алып отыр. Жарылыстың кесірінен қабырға орын алып, соңы өртке әкеліп соқты. Жалпы, өрт аумағы 50 шаршы метрді құрайды. 

Нәтижесінде бір азаматтың демі үзіліп, зардап шеккендердің саны 16-ға жеткен. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ташкентте құбырлар шығаратын кәсіпорында газ-ауа қоспасының жарылуы орын алған болатын. .

ташкент Жарылыс өлім

Новости по теме