Placeholder
Фото: polisia.kz
Новости Казахстана11 апреля 2023, 14:55

Таразда қылмыстық топтың жетекшісі "қоғамдық қор" құрып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған

Таразда тұрақты негізде әрекет еткен қылмыстық топ ұсталды. Оның жетекшісі өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, "жастарды тәрбиелеу" үшін “қайырымдылық қоғамдық қорын” құрған, деп хабарлайды Arbat.media құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Ол өзінің қылмыстық беделін “әділеттілікті жақтаушы” – блогер имиджіне түбегейлі өзгертіп, қорына ерікті жарналар түрінде қылмыстық “қамқорлығы” үшін кәсіпкерлерден ақша бопсалап отырған. Келіспегендерге күш қолданған.

Полицияға топтың тоғыз мүшесі жеткізілді, 20-дан астам тінту жүргізіліп, “қаңтар” оқиғасы кезінде облыстық полиция департаментінен ұрланған “Калашников” автоматы, екі “Макаров” тапаншасы, мылтық, травматикалық тапанша мен басқа да суық қару тәркіленді. Сонымен қатар қылмыстық топтан екі келіден астам есірткі тәркіленді. Қылмыстық топқа қатысушыларға қатысты бопсалау, қару мен есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

 

Тараз қайырымдылық қор Қылмыстық топ бопсалау

Новости по теме