Placeholder
Новости Казахстана20 июня 2023, 13:35

Тараз бен Алматыда қомақты қаржы алған екі адам ұсталды

Тараз қаласының тұрғыны алаяқтық және пара беруге итермелеу күдігі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media

Антикор қызметінің мәліметінше, күдікті мемлекеттік органмен мәселені шешу сылтауымен шетелдік компанияның өкілін жаңылыстырып, жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін 200 000 АҚШ долларын иемденген.

Сонымен қатар, күдікті келісімшартқа қол қойылған жағдайда келісім сомасының үш пайызы мөлшерінде ақша талап еткені белгілі болды. 

Бұдан бөлек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Ол Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымына жұмысқа орналасу мәселесін шешуді сылтауратып, іс жүзінде ниеті жоқ бола тұра 100 000 АҚШ долларын талап еткен көрінеді. 

Ақшаны алғаннан кейін қос күдікті дереу ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

 

Тараз Алматы Пара алу

Новости по теме