Placeholder
Новости Казахстана1 июля 2023, 19:20

Талғарда жанған өрт үш жарым сағатта сөндірілді

Алматы облысы Талғар ауданында қураған шөп жанып, көлемі 10 гектарға дейін жетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Бүгін сағат 11:09-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданында, Байбұлақ ауылының маңында, таудың баурайында 10 га құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Өртті сөндіруге ТЖД 17 қызметкері мен 4 техникасы, 15 әскери қызметшісі және № 28237 әскери бөлімінің 1 техникасы, 6 адамы және ЖАО 1 техникасы, 12 адамы және орман шаруашылығының 2 техникасы жұмылдырылды. 

Дер кезінде жасалған істің нәтижесінде тілсіз жау 14-30-да толығымен сөндірілді, Ал өрт шарпыған аумақ алаңы 7 гектарды құрап отыр. 

Өрт Алматы Қоғам

Новости по теме