Placeholder
Новости Казахстана12 июня 2023, 21:51

Талдықорғанда қалалық білім бөлімінің экс-басшысы жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Демалыс күні Қаратал өзенінің маңынан Талдықорған қалалық білім беру бөлімі басшысы болған Роза Барманованың денесі табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Жетісу облысының полиция департаментінің мамандары марқұм әйелдің денесінен зорлық белгілері анықталмағанын айтады. Бұл дерек қалалық полицияда тіркеліп, қажетті тексеріс жүргізілетіні айтылды.

Қазіргі уақытта экс-басшының өлімінің себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Марқұм Роза Барманова Талдықорған қалалық білім бөлімін 2016-2020 жылдар аралығында басқарған болатын. 

Роза Барманова Білім бөлімі Талдықорған

Новости по теме