Placeholder
Новости Казахстана24 марта 2023, 0:58

Талдықорғанда полиция оқ-дәрілер жасырылған жерді анықтады

 Жетісу облысында полиция жасырылған  оқ-дәрілер нүктесін анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.

ІІМ баспасөз қызметі тапаншаларда, револьверлерде, пулеметтерде және басқа қаруларда қолдануға болатын 9 мм калибрлі 838 патрон тапқаны туралы ресми мәлімдеді.

Патрондар арнайы қағаз контейнерлерге оралып, үлкен кенеп қапшыққа салынған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында істің барлық мән-жайы анықталатын болады, - деді Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Сарқытбай Құсаинов.

Бұған дейін ІІМ Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмысты топты қолға түсірген болатын. Арнайы операция кезінде 20-дан астам тінту шаралары жүргізіліп, оқ-дәрілер, суық қару және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген еді. 

полиция Қару Жетісу облысы Талдықорған

Новости по теме