Placeholder
Новости Казахстана27 апреля 2023, 14:14

Талдықорғанда білім бөлімінің басшысы 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Arbat.media

Лауазымды тұлға білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау деректерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 миллион теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі уақытта соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Өз кезегінде пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушылар болып отыр және соттың санкциясымен қамалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығаратын болады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, оның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлілігі заңды күшіне енген сот үкімімен анықталмайынша, әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі", деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Жетісу облысында бюджет қаржысын жымқырған талдықорғандық есепші ұсталған еді. Тексеру барысында оның үйініне бір миллиардқа жуық қаржы мен 14 пәтердің құжаты табылған. 

Талдықорған Білім бөлімі Пара

Новости по теме