Placeholder
Новости Казахстана18 мая 2023, 19:47

Таиландтағы апаттан қазақстандық үш азамат зардап шекті

Таиландтағы су үстіндегі апат кезінде Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Таиландтағы Қазақстан консулының ақпаратына сәйкес, катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың үшеуі медициналық көмекті қажет етті. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, денсаулықтары мен өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ, - деді Айбек Смадияров.

Ол барлық медициналық шығынды катерді жалға берген тай компаниясы өз мойнына алып отырғанын жеткізді. 

Біздің консул зардап шеккен азаматтармен және жергілікті билікпен тұрақты байланыста, - деді  ресми өкіл.

Бұдан сәл бұрын Таиланд елінде теңіз жағалауында қайық дабыл мұнарасына соғылып, 35 адам зардап шеккен еді. 

Таиланд Апат Қазақстан

Новости по теме