Placeholder
Фото: shot
Новости Казахстана13 июня 2023, 20:03

Тайландта ұсталған қазақстандыққа қандай айып тағылғаны айтылды

Тайландта ұсталған қазақстандыққа қандай айып тағылғаны ресми түрде айтылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Тайландта ұсталған Қазақстан азаматына қандай айып тағылғаны туралы мәлімдеді. 

Кейбір отандық БАҚ ақпаратты қайталап тексерместен, дереккөзге сілтеме жасап таратқан. Біз мәлімет сұраттық, тай билігі растады. Қазір оның кім екені анықталды. Расымен ол Қазақстан Республикасының азаматы. Таиланд полицицясы 45 тәулікке қамауға алды. Оған аталмыш елде болудың визалық режимін 4 күнге асырып, бұзғаны туралы айып тағылып отыр. Одан басқа ресми ақпарат түскен жоқ. Қазақстанның Таиланд елшілігі бұл мәселені бақылауда және Таиландтың құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста. Яғни, оның оқ атқаны, атпағаны белгісіз. Тек көші-қон режимін бұзған, - деді СІМ-нің ресми өкілі.

Бұдан сәл біраз уақыт бұрын Тайландтың Пхукет әуежайында Қазақстан азаматын полиция қамауға алғаны туралы айтылған еді.  

Тайланд Қазақстан Қамау

Новости по теме