Placeholder
khaosodenglish.com
Новости Казахстана5 июня 2023, 22:28

Таиландта қайтыс болған қазақстандық екі азаматтың денесі елге әкелінеді

Таиландқа қыдырып барып қайтыс болған екі отандасымыздың денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Таиландқа демалуға барып, абайсызда бақилық болғандардың денесі бірге әкелінетін болады.
Бұл соңғы бір аптада болған екінші жағдай, 3 маусымда тура сол жерде тағы бір қазақстандық қайтыс болды. Ол да шектеулерге қарамай, суға түскен. Оны да қатты толқын алып кетті. Қазіргі кезде консул туыстарына қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп жатыр. Жақын арада екеуінің денесі Қазақстанға жеткізіледі, - деді Айбек Смадияров. 
Кейін Артурдың ата-анасысының Пхукет қаласына ұшып барғаны айтылды. Жергілікті полиция мәлімет бойынша, ТМД елдерінен келген туристердің көбі шектеу белгісіне қарамастан суға түсе беретін көрінеді. Келеңсіз жайттардың салдарынан қайғылы оқиғалардың қатары сейілмей отыр. 
 
Таиланд турист өлім

Новости по теме