Placeholder
ІІМ
Новости Казахстана31 мая 2023, 17:07

Шымкентте есірткі тасымалдаған күдікті 10 жылға сотталды

Шымкентте есірткі таратумен айналысқан тасымалдмаушы 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, өткен жылдың қыркүйек айында жедел іс-шараларды өткізу барысында Шымкент қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мегаполис орталығындағы көшелердің бірінде патрульдік полицейлермен бірлесіп, BMW-520 автокөлігімен жүріп келе жатқан 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Тінту кезінде жедел уәкілдер автокөліктің салонынан 100 дана оралған психотроптық заттарды тәркіленген. Одан әрі оның тұрғылықты жері бойынша қосымша 18 дана синтетикалық есірткі орамасы табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізді.

Тергеушілер жас жігіттің бұрын сотты болғанын және бостандықты шектеу жазасын өтеп жатқанын анықтады. Күдікті Telegram арнасы арқылы нұсқау алғанын тергеуде мойындады. Одан кейін белгіленген орында синтетикалық есірткіні алып, дозаларға бөліп, жасырын орындарға қойған.

Қызмет ақысын интернет арқылы белгісіз біреуден ақшалай алып отырған. Сондай-ақ тергеушілер курьер жасырып үлгерген екі орыннан 30 орама есірткі тапты. Кейін сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттардың барлығы синтетикалық есірткі болып шықты.

Тергеушілер жинақталған іс-құжаттарды айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. Сәуір айында Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Жас жігіт алдағы 10 жылын тәртіп түзеу колониясында өткізеді.

Жыл басынан бері Шымкент полициясы есірткі заттарын өткізудің 20 жайтын анықтады, 16 есірткі курьері, ораушылар мен көтерме саудагерлер тергеліп жатыр.

 

 

Шымкент Есірткі сот

Новости по теме