Placeholder
Новости Казахстана21 июня 2023, 20:29

Шығыс Қазақстанда суға батып кеткен адамның денесін құтқарушылар іздеп тапты

Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы Глубочанка көлінде жабдықталмаған жерге шомылған 1983 жылы туған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Arbat.media..

Анықталған дерек бойынша ол достарымен бірге су қоймасына келіп, жақын жерде орнатылған тыйым салынған белгіні елемеген. ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері денені судан алып шықты. 

Тыйым салынған белгілер - бұл адамдардың қауіпсіздік шараларын сақтауы үшін ақпарат. Олар күшті ағын, терең иірім, жақын жерде құтқарушылардың жоқтығы туралы хабарлайды", - деді ҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов атап өтті.

 

ШҚО өлім Суға бату

Новости по теме