Placeholder
Новости Казахстана27 июня 2023, 21:51

Шығыс Қазақстанда орман алқабы тағы өртеніп жатыр

Шығыс Қазақстанда Приморск орманшылығының аумағында өрт шығып, сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

26 маусымда «Асубұлақ орман шаруашылығы» КММ аумағында шамамен 5 га аумақта құрғақ шөп пен бұталар өртенгені белгілі болды. Апат аймағына МИ-8 тікұшағы өртті сөндіру үшін десант пен су жеткізілген.

Өрт шыққан жерде орманшылардан, ШҚО ТЖД-дан және ЖАО-дан 126 адам, 18 техника жекелеген түтін ошақтарын сөндіруде. Өртті сөндіру қолжетімділігі төмен, таулы, жартасты жағдайлармен қиындатылған. Елді мекендерге қауіп жоқ, - деп жазылған ТЖД хабарламасында. 

Бұған дейін ШҚО-да Риддер қорығы мен Қатон-Қарағай аудандарында өрт шығып, араға уақыт салып барып сөндірілген болатын. 

ШҚО Орман өрті Қоғам

Новости по теме