Placeholder
Новости Казахстана2 октября 2023, 9:40

Студентті ұрған оқытушыға қатысты іс қозғалды

Павлодар полициясы студентті сабақ үстінде соққыға жыққан колледж оқытушысына қатысты іс қозғады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды.

Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұстаздың студентке қол көтергені үшін жұмыстан шығарылғанын хабарлаған.

«29 қыркүйекте энергиямен қамту сабағында мұғалімнің тақырып түсіндіру барысында оқушыны тұрғызып, тоқ күшін түсіндірем деп, соққыға жыққаны анықталды. 55 жастағы оқытушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық полиция бөлімінен.

Ведомство бұл оқиғаға колледж басшысы да жауап беретінін мәлімдеді. Барлық іс материалдары сотқа жіберілді.

павлодар Студент Қылмыстық іс Педагог

Новости по теме