Новости Казахстана7 апреля 2023, 14:58

СҚО-да Сергеев су қоймасы тасып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы үшінші күннен бері тасып жатыр. Бүгін ернеуінен асқан судың биіктігі 169 сантиметрге жетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Сергеевка қаласының маңында Есіл өзенінің суы көтеріліп жатыр. Кешегі көрсеткішпен салыстырғанда 361  сантиметр өзгерген. Әзірге қауіпті деңгейге жеткен жоқ.

Сонымен қатар, Шал ақын ауданы Крещенка елді мекенінің маңында Есіл өзені арнасынан шығып, жайылып жатыр. 6 сәуір күні мұнда өзен деңгейі бірден 4,5 метрге көтеріліп, қауіпті деңгей 1400 сантиметрге жақындап қалған еді.

Есіл ауданы Покровка елді мекенінің маңында да Есіл өзені суының деңгейі көтеріліп келеді, бір тәулікте 31 см өзгерген.

Ал Гусаковка елді мекені маңынан өтетін Бабықбұрлық өзені суының деңгейі кешеден бері 115 сантиметр көтерілді.

Солтүстік Қазақстан Сергеев Су тасқыны Есіл

Новости по теме