Placeholder
Новости Казахстана15 июня 2023, 10:05

ШҚО-да кішкентай баланы зорлаған күдікті ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Өңірдің полиция департаменті баспасөз қызметі тәртіп сақшылары 5 жасар қызды зорлады деген күдікпен ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамағанын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қылмыстық істің мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтерді жария етуге тыйым салынған, - деп жазылған ШҚО ПД таратқан ақпаратта. 

Полиция өкілдері күдіктінің неше жаста екенін әзірге жарияламады. Кейбір деректерде шектен шыққан жағдайдың облысқа қарасты Глубокое ауданында болғаны жазылды. 

ШҚО педофил Күдікті

Новости по теме